Ендірілген технологиялар
Металлургия және кен байыту институты қүрылғалы бері түсті металдар кендерін байытудың физика-химиялық негіздері, қара, ауыр түсті, жеңіл, сирек және асыл металдар кендерін қайта өңдеу үрдістері дайындалды, Қазақстанның, Ресейдің, жақын және алыс шетелдердің бірқатар кәсіпорындарында енгізілген түбегейлі жаңа технологиялық сұлбалар мен аппаратуралар жасалды.
ВНИИцветмет пен бірлесіп дайындалған мыс-мырышты концентраттарды балқытудың кивцэтті тәсілі Ертіс мыс балқыту зауытында жасалып, енгізілді.
Мәскеудің болат және қорытпалар институтымен бірігіп жасалған сұйық былауда балқыту технологиясы Балқаш мысқорыту зауытында 1985 жылдан қолданылады. 2004 жылы Балқаш мысқорыту зауыты аталған технологияға – Ванюков үдерісі толық көшірілді. Бұл үдеріс және қондырғы дүние жүзінің жетекші 10 елінде: АҚШ, Канада, Жапония, Австралия, Франция, Финляндия және т.б. патенттермен қорғалған.
Силикатты-әктасты кендер мен мыс балқыту өндірісі қождарының қождамалану қабілеттілігінің теориясы жасалды және Жезқазған мыс балқыту зауытында кендік термиялық пештердің сұйық қож үйінділерінің қождамаларын пайдалану арқылы мысқа бай штейндерді конвертрлеу технологиясы енгізілді.
Алғашқы тазаланбаған қалайыны вакуумдық тазалау үрдісі жасалып, ол Новосибирск қалайы комбинатында енгізілді. Металлургия және кен байыту институтының лицензиясы бойынша бұл технология Боливияда, Испанияда және басқа елдерде қолданылады. Бұл зерттеме бірқатар шетел патенттерімен қорғалған.
«Жезқазған сирек металл» РМК-да аммоний перренатын алу технологиясы жасалып, енгізілді. Осының арқасында ренийді өндіру бойынша Қазақстан әлемдік көшбасшыларының бірі болды.
Қорғасын өндірісінің өнеркәсіптік өнімдерінен рений өнімдерін алу өндірісі ұйымдастырылды.
Алғашқы рет бүкіл әлемдік тәжірибеде Металлургия және кен байыту институтында жасалған технология негізінде «Жезқазған сирек металл» РМК-да мыс өндірісінің жартылай өнімдерінен радиогенді осмий-187-ні өнеркәсіптік жолмен өндіру ұйымдастырылды.
Уран кендерінің жерасты шаймаланған ерітінділерінен ренийді алу технологиясы жасалып, Навои кен металлургия комбинатының 6-кен басқармасында (Өзбекістан) енгізілді.
Павлодар алюминий зауытында галлийді алудың бірегей экологиялық таза технологиясы игеріліп, енгізілді. Осы технологияны Швейцарияда, Германияда, Жапонияда енгізу және қазақстандық галлийді аталған елдерге жеткізіп беруге бір қатар лицензиялық келісімдер жасалды.
Металлургия және кен байыту институтының ғалымдары әзірлеген кремнийге бай сазтопырақты шикізатты қайта өңдеу әдісі Павлодар алюминий зауытында енгізілді.
Титан саласы тармағының сазтопырақ өндірісінің өнімдерінен және «Тулачермет» НПО-ң өндірістік ерітінділерінен ванадий оксидін бөліп алудың жаңа шайғындау технологиясы енгізілді.
«МжКБИ» АҚ ғалымдары-ның қатысуымен Өскемен титан-магний комбинатында ильменитті концентраттарды электртермиялық қайта өңдеудің технологиясы енгізілді.