Жетістіктер

Біздің жетістіктеріміз

Металлургия ғылымы мен практикасын дамытудағы жетістіктер шетелдерде өткізілген (АҚШ, Канада, Швейцария, Германия, Англия, Қытай, Испания, Корея, Бельгия, Чехословакия, Жапония, Венгрия, Югославия, Түркия, Ресей) симпозиумдар мен конференцияларда жоғары бағаланып, мойындалды.

Металлургия және кен байыту институты ғалымдарының металлургия ғылымы мен өнеркәсіпті дамытуға қосқан үлесі жоғары бағаланып, ең беделді мемлекеттік награда – ғылым және техника саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды, олар:

• 1947 ж. – х.ғ.к. О.А. Суворова - сапасыз мыс-молибден концентраттарын күйдіргеннен кейінгі шаңдардан ренийді алу әдісін әзірлегені және енгізгені үшін;

• 1970 ж. – т.ғ.д. А.А.Пресняков - металлургия өнеркәсібінде оттексіз мыс құймаларын үздіксіз құю үшін кешенді-автоматтандырылған цехты бірінші болып құрғаны және өндіріске енгізгені үшін;

• 1971 ж. - кіші ғылыми қызметкер В.П. Овчаренко - электротермияны қолдану арқылы асыл металдарды өндірудің жаңа технологиясын жасап, оны қорғасын өнеркәсібіне енгізгені үшін;

• 1978 ж. – т.ғ.д. А.М. Қонаев, т.ғ.д. С.М. Қожахметов, т.ғ.к. С.И. Омаров - мыс, қорғасын және мырыш өндірудің КИВЦЕТтік технологиясын әзірлегені және игергені үшін. Мыс-мырыш концентраттарын балқытудың кивцеттік әдісі ВНИИцветмет-пен бірлесіп Ертіс полиметалдық комбинатында жасалды және игерілді;

• 1978 ж. – т.ғ.д. А.И. Зубин және т.ғ.к. Е.Л. Шалавин - металл галлийді өндірудің галлам әдісін әзірлегені және енгізгені үшін;

• 1980 ж. - Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Л.П.Ни - төмен сапалы бокситті өңдеудің жаңа әдісін жасағаны және өнеркәсіпке енгізгені үшін;

• 1984 ж. – КСРО ҒА академигі А.М.Қонаев - фосфорлы теміркенді шикізатын өңдеу технологиясын жасағаны және металлургия өнеркәсібіне енгізгені үшін;

• 1985 ж. – т.ғ.к. В.С.Есютин - қалайы бар шикізатты кешенді өңдеуге арналған жабдықтар мен технологияларды әзірлегені және енгізгені үшін;

• 1988 ж. – т.ғ.д. Н.А. Байтенев және т.ғ.д. В.А.Козлов - титан өндіретін ресурс үнемдейтін технологиялық үрдістерді әзірлегені және енгізгені үшін.

Қазақ КСР ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болғандар:

• 1972 ж. - Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі А.М.Қонаев, т.ғ.к. И.Р.Полывянный, т.ғ.к. Р.С.Демченко - металлургиялық жартылай өнімдерді кешенді түзгіштерді пайдаланып өңдеудің жаңа электротермиялық әдістерін әзірлегені және енгізгені үшін;

• 1982 ж. - КСРО ҒА академигі А.М.Қонаев, т.ғ.к. Б.Б.Бейсембаев, т.ғ.к. Б.Л.Левинтов, т.ғ.к. Ю.И.Сухарников - Қазақстанның сирек-металдық фосфат-кремнийлі шикізатын кешенді өңдеу саласындағы жетістіктері үшін;

• 2001 ж. – т.ғ.к., профессор В.А. Козлов - титанның қазақстандық шикізат базасын игергені, «ӨТМК» АҚ-да титан және ванадий өндірісі үшін ғылымды қажет ететін технологиялық үрдістерді әзірлегені және енгізгені үшін.

Институт ғалымдарының ғылым саласындағы жетістіктері:

• 1954 ж. - Қазақ КСР Ғылым академиясының Жалпы жиналысының отырысында профессор В.И.Смирнов Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі, профессор Цефт А.Л. және Стендер В.В. - Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшелері болып сайланды;

• 1958 ж. - Қазақ КСР Ғылым академиясының Жалпы жиналысының отырысында, Цефт А.Л. Қазақ КСР Ғылым Академиясының толық мүшесі және Пономарев В.Д. - корреспондент-мүшесі болып сайланды;

• 1970 ж. Қазақ КСР Ғылым академиясының Жалпы жиналысының отырысында А.А. Қонаев. Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды;

• 1971 ж. – т.ғ.д. И.А.Онаевқа және т.ғ.д. Л.П.Ниға Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңіген қайраткер құрметті атақтары берілді;

• 1972 ж. - Қазақ ССР Ғылым академиясының Жалпы жиналысының отырысында А.А.Қонаев. Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, И.А.Онаев және Зубаков С.М. - Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшелері болып сайланды;

• 1972 ж. - Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі А.К. Қонаев. Қазақ КСР ҒА вице-президенті болып сайланды;

• 1974 ж. - Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі А.К. Қонаев. Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті және КСРО Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды;

1975 ж. - Қазақ КСР Ғылым академиясының Жалпы жиналысының отырысында техника ғылымдарының докторлары Ни Л.П. және Пономарева Е.И. Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшелері сайланды;

1976 ж. - Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Е.И.Пономареваға «Қазақ КСР-нің ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағы берілді;

1977 ж. - КСРО ҒА корреспондент мүшесі А.М.Қонаевқа және т.ғ.д. Р.А.Исаковаға «Қазақ ССР-нің ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атақтары берілді;

1979 ж. - Қазақ КСР Ғылым академиясының Жалпы жиналысының отырысында техника ғылымдарының докторлары Қожахметов С.М., Исакова Р.А. және Айапов У.А. Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшелері болып сайланды;

• 1981 жылы Институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды, КСРО Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі А.М.Қонаев КСРО Ғылым Академиясының академигі болып сайланды. Институт қызметкерлері Б.Н Алмағамбетовке, Б.К.Кенжалиевке және М.И.Тыныбековке Қазақстанның түсті металлургиясының шикізат базасын кеңейтудің жаңа жолдарын тапқаны үшін Қазақстан Лениндік комсомол сыйлығы берілді;

• 1983 - Қазақ КСР Ғылым Академиясының Жалпы жиналысының отырысында, Қазақ КСР корреспондент-мүшесі. А.С. Қожахметов академик болып, А.З. Зазубин. - Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды;

• 1984 ж. - Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Е.И.Пономареваға қорғасын шаңынан ренийді алу технологиясын жасағаны және енгізгені үшін КСРО Министрлер Кеңесінің сыйлығы берілді;

• 1988 ж. - Қазақ КСР Ғылым академиясының Жалпы жиналысының отырысында т.ғ.д. Бесембаев Б.Б. Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды;

• 1994 - ҚР ҰҒА жалпы жиналысының отырысында ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Ни Л.П. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайланды;

• 1995 ж. - Е.И. Жантөрееваға Д.А.Қонаев атындағы жас ғалымдарға арналған сыйлық берілді;

• 2000 ж. – А.С.Омароваға Д.А.Қонаев атындағы жас ғалымдарға арналған сыйлық берілді;

• 2004 ж. - Э.Б. Кенжалиевке Д.А.Қонаев атындағы жас ғалымдарға арналған сыйлық берілді;

• 2007 ж. – С.А.Требуховқа Д.А.Қонаев атындағы жас ғалымдарға арналған сыйлық берілді;

• 2009 ж. - Институтта «Көмірсутекті және тау-кен металлургия салалары және онымен байланысты қызмет көрсету салалары үшін технологиялар» басым бағытындағы Ұлттық ғылыми зертхана құрылды;

• 2012 ж. - Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін Қ.И. Сәтпаев атындағы сыйлық т.ғ.д. З.С Әбішеваға, т.ғ.д. А.Н.Загородняяға, т.ғ.к. С.Е.Садықановаға және А.С. Шәріповаға берілді;

• 2013 ж. - Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Жалпы жиналысының отырысында З.С.Әбішева ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі болып сайланды;

2013 ж. - Институт ғалымдары:

Загородняя А.Н., Храпунов В.Е. - ҚР БҒМ-нің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды;

Қожахметов С.М., Храпунов В.Е., Квятковский С.А., Абдулвалиев Р.А. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Еңбек даңқы» төс белгісімен марапатталды;

• 2014 ж. Институт ғалымдары Р.А. Исакова, Н.Қ.Түсіпбаев БҒМ-нің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды; Паничкин А.В. ҚР ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Еңбек даңқы» төс белгісімен марапатталды;

• 2016 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жалпы жиналысының отырысында, т.ғ.д. Әбішева З.С. ҚР ҰҒА толық мүшесі болып сайланды;

• 2017 ж. «МжКБИ» АҚ директоры т.ғ.д. Кенжалиев Б.К. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.