Басшылық

Кенжалиев Бақдәулет Кенжалыұлы
«Металлургия және кен байыту институты» АҚ Бас директоры
Техника ғылымдарының докторы, профессор, 2019 жылғы әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА Құрметті академигі, 1981 жылғы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, КСРО Халық шаруашылығы көрмесінің екі қола медалінің және "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төс белгісінің иегері.
1975 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірді. Мамандығы – Инженер-химик. Химия пәнінің оқытушысы.
500-ден астам ғылыми жарияланымның, соның ішінде шетелдік басылымдар мен 7 монографияның, 88-ден астам Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Алмания мен АҚШ патенттерінің және авторлық куәліктерінің авторы.
ТРЕБУХОВ СЕРГЕЙ АНАТОЛИҰЛЫ
Бас директордың орынбасары
Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент)
Еңбек жолын инженерден бастап, зертхана меңгерушісіне дейін көтеріліп, металлургия және кен байыту институтында өткізуде. Д.А. Қонаев атындағы дарынды жас ғалымдарға арналған сыйлықтың лауреаты. 150-ден астам ғылыми мақалалардың және оның ішінде 29 қорғаныс құжатының авторы.


ИЛЬМАЛИЕВ ЖАНСЕРІК БАҚЫТҰЛЫ
«Металлургия және кен байыту институты» АҚ Бас директорының орынбасары
Заң ғылымдарының кандидаты. Дарынды жас ғалымдарға арналған стипендияның иегері. Қазақстанның басқарушы кадрларының біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Бірнеше start-up-компаниялардың негізін қалаушы.
70-тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның, сонымен қатар 10 патенттің авторы және бірлескен авторы.