Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық

1. Шетелдік ғылыми ұйымдармен бірлескен ғылыми жұмыстар туралы Шарттар мен Келісімде
  • «МжКБО» АҚ және «Гиредмет» сирек металл өнеркәсібінің Мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты» (Мәскеу қ-сы, Ресей) арасында ынтымақтастық туралы Келісімге 2014 ж. 24 маусымда қол қойылды.
  • «МжКБО» АҚ және Вроцлав политехникалық университі (Вроцлав қ-сы, Польша) арасында ынтымақтастық туралы № /633/14 Келісімге 2014 ж. 08 қазанда қол қойылды.
  • «МжКБО» АҚ (Алматы, Қазақстан) және Солтүстік-Шығыс зерттеу–инжиниринг университеті (Шэньян, Қытай Халық Республикасы) арасында жылу электр станцияларының күлдерін және сапасы төмен алюминийқұрамды шикізатты қайта өңдеу бойынша бірлескен зерттеулерді жүргізу саласында Шектелмелі келісімге қол қойылды. Келісімнің №131015 2013 жыл 15 қазан.
  • «МжКБО» АҚ мен Польшаның түсті металдар институты арасында 2013 жылғы 17 маусымда шарт жасалды.
  • 2013 жылы 12 наурызда “Questa Capital GmbH” компаниясымен (Майнадағы Франкфурт қ-сы, Германия) пайдалы қазбаларды өңдеу технологияларын жасау саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы Келісім жасалды.
  • РҒА жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институтымен (ИПКОН РАН Мәскеу қ-сы, Ресей) 2012 жылы 20 желтоқсанда шығармашылық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.
  • «МжКБО» АҚ (ҚР) және «Иркутск асыл, сирек металдар мен алмаздардың ғылыми-зерттеу институты» АҚ (РФ) арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы Консорциалды Келісім жасалды, 23 қараша 2012 жыл, келісім мерзімі 3 жыл.
  • «МжКБО» АҚ (ҚР) және Гуанчжоу түсті металдар ғылыми-зерттеу институты (КНР) арасында Келісім жасалды, 31 шілде 2012 жыл, келісім мерзімі 5 жыл.
  • 2012 жылғы 26 мамырда «Беларусь Ұлттық ғылыми академиясының физика-техникалық институты» мемлекеттік ғылыми мекемесі және «Металлургия және кен байыту орталығы» АҚ арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласы бойынша пиғыл Хаттамасына қол қойылды.
  • «Фосфогипстен сирек жер элементтерін алудың аз қалдықты технологиясын жасау» жобасының аясында Мәскеу қ-сы, РФ «Дельта» Инновациялық технологияларды дамытудың Ұлттық орталығы» ООО-мен келісімге қол қойылды (келісім №09-15/12-55  25 мамыр 2012 ж.);
  • «Жаңа нанотүрленгіштерді және ультрафлотациялық құрал-жабдықтарды пайдаланып коллективті концентраттарды талғамды бөлу технологиясын жасау» жобасының аясында Украина ҰҒА Биоколлоидты химия институты жанындағы  «Турбофлотсервис» фирмасымен Келісімге қол қойылды (келісім №09-15/12-52/2 02 мамыр 2012 жыл.
  • PREMO (Барселона, Испания) фирмасы мен «МжКБО» АҚ арасында (14 ақпан 2012 ж.) ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы шарт-меморандумға қол қойылды.
  • Ұлттық зерттеу технологиялық университетінің өнеркәсіптік кәсіпорындарды басқару экономикасы «МИСИС» Институтымен  (Мәскеу қ-сы, РФ) ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды (27 сәуір 2011 ж.).
  • Қырғыз Республикасы ҰҒА химия және химиялық технология институтымен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды (28 сәуір 2011 ж.).
  • Ресей ғылым академиясы А.А. Байков атындағы металлургия және материалтану институтымен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды (25 наурыз 2011 ж.).

2010-2012 жылдарға арналған «Халықаралық ынтымақтастық және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар және жобалар» Бағдарламасы бойынша келесі жобалар орындалып жатыр:

  • Синьцзян түсті металдар ғылыми-техникалық институтымен ынтымақтастықта «Қазақстан кенорындарының кендерінен асыл және сирек металдарды тура биошаймалау технологиясын жасау» жобасы;
  • Украина ҰҒА биоколлоидты химия институтының «Турбофлотсервис» ЖШС-мен ынтымақтастықта «Жаңа нанотүрлендіргіш мен ультрафлотациялық аппаратураны қолданып бірлескен концентраттарды талғамды бөлу технологиясын жасау» жобасы.Осы жобалардың шеңберінде:
    • Синьцзян түсті металдар ғылыми-техникалық институтымен СУАР, КХР (6 маусым 2010 ж.) ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды;
    • «МжКБО» АҚ Украина ҰҒА биоколлоидты химия институтының «Турбофлотсервис» ЖШС-мен ғылым және технология саласындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды (№07-НИР шарт 11 қазан 2010 ж.).
  • «МжКБО» АҚ және «Северо-западная химическая компания» ЖАҚ (Ресей) (15 қыркүйек 2010 ж.) арасында бірлескен ғылыми-зерттеу, жобалық-технологиялық және өндіріске енгізу жұмыстары бойынша Шартқа қол қойылды.
  • Автономдық коммерциялық емес «Институт Питирима Сорокина – Николая Кондратьева» (Ресей Федерациясы) ұйымымен 2010 жылы «Қазақстан Республикасында жаңғырмалы энергетиканы дамыту» бойынша ғылыми-техникалық бағдарлама орындалды.
  • «МжКБО» АҚ және Украина білім және ғылым министрлігі И.И. Мечников атындағы Одесса ұлттық университеті арасында экология, металлургия, химия, биотехнология, энергия- және қорларды үнемдейтін технологияларды дамыту салаларында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту туралы мерзімі 5 жыл болатын келісімге қол қойылды (15 желтоқсан 2009 ж.).
2. «МжКБО» АҚ басшыларының, ғалымдары мен мамандарының шетелдік ұйымдар мен компаниялардың өкілдерімен кездесулері, шетелдік мамандардың қатысуымен өткізілген семинарлар
    • 2014 жылы 29 қазанда Орталық басшылығы мен мамандарының «В.Н. Гулидов атындағы Красноярск түсті металдар зауыты» ААҚ (Красноярск қ-сы, Ресей) өкілдері – ғылыми-технологиялық орталығының басшысы Аширов Роман Витальевичпен және аффинажды өндіріс  директоры Струкалев Константин Михайловичпен кездесуі өтті. Кездесу барысында маркалы селен және бағалы металдармен байыған қалдықтар алынатын «Красцветмет» ААҚ-ның селен концентратын өңдеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру мәселелері талқыланды. «Красцветмет» ААҚ өкілдері «МжКБО» АҚ-ның ТЭМӨ-ндегі селен алатын қондырғымен танысты.
    • 2014 жылы 03 қазанда Орталық басшылығы мен мамандарының – “Atlantic Asia pacific trns limited” компаниясының басшысы (Түркия) – Актай Сонгурмен және ТОО «Азия Минерал ресурс» компаниясының директоры – Сидоров Евгений Анатольевичпен кездесуі өтті. Кездесу қорытындысы бойынша компаниялардың өкілдері ынтымақтастыққа дайын екендігін мәлімдеді және «Қостанай облысы кендерінің негізінде Байер-гидрогранатты технологиямен алюминий өндірудің кен-металлургиялық кластерін құру» жобасымен жақын арада жан-жақты таныстыруды cұрады.
    • 2014 жылы 08 қыркүйекте «МжКБО» АҚ-да  Elsevier B.V. компаниясының (Амстердам, Нидерланды) өкілдері Айхан Аканай Сараджоулу және Башак Кандемирмен кездесу өткізілді. Қазақстанның ғылыми журналдарын Elsevier баспасының Scopus реферативтік дерекқорына кіргізу және қазақстандық ғалымдардың мақалаларын Elsevier баспасының журналдарында жариялау үшін рәсімдеу, сонымен бірге Қазақстан ғалымдарының Scopus дерекқорын және  Elsevier-дің басқа дерекқорларын пайдаланудың келешегі жөнінде мәселелер талқыланды. Scopus реферативтік дерекқорына кіргізу үшін іріктеу барысында журналдарды Elsevier баспасының журналдарға қоятын талаптарына сәйкес келтіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілді.
    • 2014 жылы 04 маусымда «МжКБО» АҚ-да  Elsevier компаниясының Түркия мен Орталық Азия аймағында клиенттермен жұмыс істейтін Менеджері – компания өкілі Айхан Аканай Сараджоулудың қатысуымен «Парасат» Холдингінің еншілес ұйымдарының басшылары және мамандарына компанияның өнімдерін таныстыру рәсімі» бойынша семинар өткізілді және «SCIVAL», «KNOVEL», «REAXYS» дерекқорлары үшін компанияның берген ұсыныстарыі қарастырылды. Талқылауға Орталықтың және «Парасаттың» еншілес ұйымдарының қызметкерлері қатынасты.
    • 2014 жылы 03 маусымда «МжКБО» АҚ-да “UUTechnic” компаниясының Уусикаупунки қ-сы (Uusikaupunki) (Финляндия) өкілдері – аса қажетті клиенттермен жұмыс істейтін менеджер Дмитрий Комовпен және сату бойынша директор – Jouni Laine-мен кездесу өтті. Олар металлургиялық, соның ішінде өнеркәсіптің гидрометаллургиялық және кен өндіруші салалары үшін қажетті құрал-саймандарды жобалау, құрастыру, жасау және таратумен шұғылданатын  “UUTechnic” компаниясының қызметі туралы айтып берді.
    • 09.12.2013ж. Орталық басшылығы мен мамандарының Иркутск асыл және сирек металдар, алмаз ғылыми-зерттеу институтының (ИРГИРЕДМЕТ, Ресей) өкілдері: бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары, т.ғ.д,, профессор Г.И.Войлошниковпен, гидрометаллургия зертханасының меңгерушісі т.ғ.к. О.Д.Хмельницкаямен, жетекші ғылыми қызметкер В.М.Мулловпен, аға ғылыми қызметкер А.Ю.Кобловпен,  аға ғылыми қызметкер С.В.Петровпен кездесуі өткізілді. Екі жақ өз ұйымдарымен таныстырды, ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы бұрын қол қойылған Консорциалды келісім аясында ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
    • 21.11.2013ж. Орталық басшылығы мен мамандарының экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Кендер және металдар» Баспа үйінің  (Мәскеу қ-сы, Ресей) шеф-редакторы А.Г.Воробьевпен кездесу өтті. Ол «Кендер және металдар» Баспа үйінің  қызметімен таныстырды. «МжКБО» АҚ-на арналған журналдардың тақырыптық бір шығарылымын шығару мүмкіндігі туралы және баспа қызметі, ғылыми жұмыстардың кейбір аспектілеріне  қатысты мәселелер қаралды. А.Г.Воробьев Баспа үйінің өнімдері – журналдар мен кітап сыйлады. Оған жауап ретінде  «МжКБО» АҚ президенті З.С.Әбішева Орталық туралы буклет және «МШКП» журналының соңғы нөмірлерін сыйға тарты.
    • 2013 жылғы 28 қаңтарда Орталықтың басшылығы мен мамандары «Questa Capital GmbH» компаниясының өкілі, бас геолог Ральф Ёханнес Гёрнермен (Майнадағы Франкфурт қ-сы, Германия) кездесу өткізді. «Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы» АҚ мен «Questa Capital Gmbh» арасында «Қазақстандағы Жоғарғы Қайрақты кенорнының кендерін байытудың тиімді технологиясын және аталған кенорнын қазудың техника-экономикалық дәйектемесін жасау» жобасы бойынша екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды.
    • 26.11.2012 жылы «МжКБО» АҚ басшылығы мен қызметкерлерінің Польша ғылым Академиясы Физикалық химия институтының өкілі – ғылым докторы, профессор Эллина Лунарскаямен (Варшава қ-сы, Польша) кездесуі өтті. Әлемдегі, соның ішінде Қазақстан мен Польшадағы ғылымның даму ерекшеліктері туралы пікір алмасу болды. Ғылыми-техникалық журналдардың, соның ішінде ол кісі шетелдік редколлегия мүшесі болатын «Минералдық шикізаттарды кешенді пайдалану» журналының рейтингілерін көтеру туралы мәселелер қаралды. Сонымен бірге ғылыми-техникалық зерттеулер және ғылыми қызметкерлердің біліктілігін көтеру мәселелері бойынша ынтымақтастықтың келешектегі мүмкіндіктері талқыланды. «МжКБО» АҚ президенті З.С. Әбішева Эллина Лунарскаяға «Минералдық шикізаттарды кешенді пайдалану» журналының соңғы нөмірін және «МжКБО» АҚ ғылыми жұмысын баяндайтын Бүктемені (буклетті) сыйға тартты.
    • 22.11.2012 жылы «МжКБО» АҚ-да кездесу және «Distrilab» ЖШС мен Buchi (Швейцария) компаниясы мамандарының қатысуымен «Қазіргі заманғы зертханалық құрал-саймандар: Шыны реакторлар, пилоттық қондырғылар, автоклавтар, кен-металлургиялық ғылыми-зерттеу институттарының қысымда жұмыс істейтін реакторлары» тақырыбына семинар өткізілді. Зертханалық құрал-саймандар шығаратын швейцариялық компаниялар мамандарының қатысуымен тағы да бірнеше семинар өткізу келісілді.
    • 22.10.2012 ж. «МжКБО» АҚ басшылығы мен қызметкерлерінің Wiley–VCH VERLAG баспасының өкілі, Wiley журналдарының бас редакторы Питер Грегоримен (Ұлыбритания) кездесу өткізілді. Ол Wiley–VCH VERLAG баспасының кеңейтілген тұсаукесерін ұсынды. Кездесуге қатысушылар Wiley–VCH VERLAG баспасының ғылыми журналдарындағы мақалардың басылу процесінің ерекшеліктері туралы көптеген сұрақтар қойды, оларға толық жауап алынды. Аталған баспаға және онда шығарылатын журналдарға қызығушылықтың көп екенін ескеріп әрі қарай байланыстарды және ынтымақтастықты нығайту жөнінде мәселелер талқыланды. «МжКБО» АҚ президенті З.С. Әбішева Питер Грегориге «Минералдық шикізаттарды кешенді пайдалану» журналының соңғы нөмірін сыйға тартты. Оған жауап ретінде Wiley–VCH VERLAG баспасының кейбір нөмірлері берілді.
    • 16.03.2012 жылы Европалық комиссияның эксперттер тобымен келесі құрамда кездесу өтті: Магзиева Х., 7-ші (InExCB-Kz, FP7-NCP-Kz) ЕС Рамкалы бағдарламасы бойынша Қазақстандағы өкілдігінің директоры; Манфред Хорват, саясат бойынша бас сарапшы, құрметті профессор, Вена технологиялар университеті (Австрия); Жан-Люк Клемент, министрдің ғылым бойынша кеңесшісі, Жоғары білім және ғылым министрлігі (Франция); Магрит Харджунг, ғылым мен технология Департаменті директорының орынбасары, Транспорт, инновация және технология министрлігі (Австрия); Зигмунт Красински, ЕС зерттеу бағдарламалары бойынша Ұлттық байланыс Орталығы директорының орынбасары, Польша ғылым Академиясы; Михаэль Шлихт, Ресей және ТМД елдерімен ынтымақтастық Департаменті директоры, Федералдық білім және ғылым министрлігі (Германия); Вардан Сахакян, ғылыми саясат Департаменті директоры, Мемлекеттік ғылым комитеті (Армения). Кездесу барысында ғылым және технология саласында, соның ішінде Европалық одақ елдерімен әртүрлі әріптестік жобалар аясында халықаралық ынтымақтастықты дамытудың келешегі туралы пікір алмасу жүргізілді.
    • 02.03.2012 жылы «МжКБО» АҚ, Қ.И. Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының, Физика-техникалық институтының, Қазақ ақпарат коммуникациялары академиясының басшылары мен қызметкерлерінің ҚР-ң Израилдегі елшісі Ғ.І. Оразбақовпен және Worldwide Integrated Network Ltd (Израиль) фирмасының өкілі Shimon Eckhausмен кездесу өткізілді. Ғылыми мекемелердің негізгі зерттеулердің бағыттары бойынша, инновациялық жобалар туралы алғашқы таныстырулары болды. Worldwide Integrated фирмасының өкілі Shimon Eckhaus Израилдегі ғылым мен технологиялар дамуының негізгі бағыттары туралы баяндап берді және қазақстандық ғылыми ұйымдармен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
    • 03.02.2012 жылы «МжКБО» АҚ басшылығы мен қызметкерлерінің Спарта қаласының (Түркия) Техникалық университетінің профессоры Ата Акчилмен кездесуі өткізілді. «МжКБО» АҚ президенті З.С. Әбішева ұйымның негізгі ғылыми жетістіктері және келешектегі ғылыми бағыттары туралы алғашқы таныстыруын баяндап берді. Профессор Ата Акчил Түркия металлургиялық саласы кәсіпорындарында қолданылатын технологиялар және гидрометаллургия саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары туралы және Спарта қ-сы Техникалық университеттегі ғылыми және оқу қызметі туралы айтып берді. Келешектегі ғылыми-техникалық ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. 12.01.2011 жылы «МжКБО» АҚ және «Қазатомөнеркәсібі» АҚ басшыларының Канадалық корпорция Cameco өкілімен кездесуі өткізілді. Екі жақ та тұсаукесерлерін ұсынды. Ағымдағы жылы екінші кездесуді өткізу келісілді.
3. «МжКБО» АҚ қызметкерлерінің халықаралық конгрестерге, конференцияларға, форумдарға, семинарларға қатысуы және шетелдік қызметтік іссапарларға шығуы
    • 2014 ж. 20-23 қазанда титан және қиын балқитын сирек металдар зертханасының меңгерушісі, т.ғ.к. М.Ә.Найманбаев «Сирек жер металдарын алу және қолданудың өзекті мәселелері» атты «ГИНЦВЕТМЕТ» ААҚ, Мәскеу қ-сы, (Ресей) өткізген Халықаралық конференцияға қатысты.
    • 2014 ж. 22 қазанда  «МжКБО» АҚ вице-президенті, т.ғ.к. Паничкин А.В. және ЗМжХЫ бөлімінің бастығы, х.ғ.к. Даришева А.М. «Халықаралық ақпараттық қорларды пайдалану: тәжірибе және келешегі» атты дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты. Оның жұмысына ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы С.И. Жолдасбаев, ҒТАҰО АҚ президенті А.Ж.Ыбраев, ЖОО және жетекші ғылыми Орталықтардың бірінші басшылары, сонымен бірге  Thomson Reuters, Elsevier және Springer компанияларының өкілдері қатынасты.
    • 2014 ж. 12-18 қазанда сазтопырақ және алюминий зертханасының меңгерушісі, т.ғ.к. Р.А.Абдулвалиев Чжэнжоу қ-да (Қытай) өткен Халықаралық Конгресте баяндама жасады, ICSOВА көрмесіне қатысты, сонымен қатар Chalieco (Пекин, Қытай) компаниясының өкілдерімен келіссөздер жүргізді.
    • 2014 жылы 08-12 қазанда «МжКБО» АҚ президенті, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Әбішева З.С., флотореагенттер және байыту зертханасының меңгерушісі, т.ғ.д., Түсіпбаев Н.Қ. және сазтопырақ және алюминий зертханасының меңгерушісі, т.ғ.к. Р.А.Абдулвалиев Чжэнжоу қ-дағы (Қытай) Түсті металдар институтында болды. Сапар барысында «Құндыбай кенорнының желден мүжілген қыртыстарынан сирек жер элементтерін алу технологиясын жасау және анықтау (апробациялау)» тақырыбы бойынша жұмыстардың нәтижелері талқыланды.
    • 2014 жылы 29 қыркүйек – 7 қазан аралығында «МжКБО» АҚ металтану зертханасының меңгерушісі А.Ә.Мамаева Вроцлав технология университетінің (Польша) шақыруы бойынша осы университетте лекция оқыды, сонымен қатар семинар өткізді және зертханада алынған қаптамалардың сынақтарын жүргізді.
    • 2014 жылы 28 маусым – 09 шілде аралығында «МжКБО» АҚ-ның зертхана меңгерушісі Найманбаев М.Ә. Ганновер қ-да (Германия) Төменгі Саксонияның инновациялық экологиялық кәсіпорындарының және ЖОО-ның өкілдері қатысқан «Қалдықтарды және экологиялық қауіпсіздікті басқарудың Европалық тәжірибесі» атты семинар – машықтануға қатысты.
    • 2014 жылы 02-06 маусымда «МжКБО» АҚ қызметкерлері Найманбаев М.Ә. және Ұлтарақова А.Ә. «Іргелі зерттеулер және техногенді түзілімдерді қайта өңдеу және пайдаға жарату үрдістерінің қолданбалы зерттемелері» атты жас ғалымдар мектебінің элементтерінен тұратын Халықаралық Конгресс жұмысына қатысты (Техноген-2014, Екатеринбург қ-сы).
    • 2014 жылы 22-25 сәуірде «МжКБО» АҚ қызметкері Сыдықов А.Е. Урал мемлекеттік кен университетінде өткен (Екатеринбург қ-сы, Ресей) «Кендерді және техногенді шикізаттарды өңдеудің ғылыми негіздері және тәжірибесі» атты Халықаралық ғылыми-техникалық конференцияның жұмысына қатысты.
    • 2013 жылы 21 қарашада «МжКБО» АҚ қызметкерлері – 27 адам,  компанияның Вице-президенті Asdaa Kotani,  сату бойынша директоры Sitki Aktas, маркетинг бойынша менеджері Thafeer Atta, бас редактор Aliaksandr Birukou қатысқан «Springer Publishing – Gateway to the Scientific Research» атты семинардың жұмысына қатысты. Сертификаттар алынды.
    • 2013 жылы 13-20 қазанда «МжКБО» АҚ президенті, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д. З.С.Әбішева, сазтопырақ және алюминий зертханасының меңгерушісі, т.ғ.к. Р.А.Абдулвалиев және бас ғылыми қызметкер Е.А.Тастанов ҚХР-да іссапармен болды, сапар барысында Солтүстік-Шығыс зерттеу – инжиниринг университетінде (Шэньян қ-сы) (NEUI – Northeast Research Engineering University, Shenyang, China) болып, жылу электр станцияларының күлдерін және сапасы төмен алюминийқұрамды шикізатты қайта өңдеу бойынша бірлескен зерттеулерді жүргізу саласында Шектелмелі келісімге қол қойылды. Абдулвалиев Р.А. пен Тастанов Е.А. Азиядаға ең ірі жылу электр станциясының күлдерін өңдейтін Inner Mongolia Datan компаниясы зауытының жұмысымен танысу мақсатында Хоххот қ-да сапарда болды. АҚ президенті З.С.Әбішева бұрынғы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы қол қойылған Келісім аясында сирек және сирек жер металдарын алу саласындағы бірлескен жұмыстардың жоспарын талқылау мақсатында Гуанчжоу қ-ның Түсті металдардың ғылыми-зерттеу институтында болды.
    • 2013 жылы 16-18 қыркүйекте –  флотореагенттер және байыту зертханасының меңгерушісі, т.ғ.д., Түсіпбаев Н.Қ., титан және қиын балқитын сирек металдар зертханасының меңгерушісі, т.ғ.к. М.Ә.Найманбаев және зертханалардың қызметкерлері  – жетекші ғылыми қызметкер, т.ғ.к Г.Ж.Әбдікирова,  аға ғылыми қызметкер, т.ғ.к Л.В.Семушкина, аға ғылыми қызметкер, т.ғ.к Тұрысбеков Д.Қ. және кіші ғылыми қызметкер Ж.А.Балтабекова «Минералдық шикізаттарды кешенді және терең өңдеудің инновациялық үрдістері. Плаксин оқулары-2013» атты Халықаралық конференцияда (Томск қ-сы Ресей) баяндамаларды жасады.
    • 2013 жылы 30 қазанда ЗМжХЫ бөлімінің бастығы, х.ғ.к. Даришева А.М. және бөлім қызметкері Коковешникова Т.А Thomson Reuters (Филадельфия, АҚШ) редакцияның саясат бойынша құрметті вице-президенті James Testa-ның,  INSPEC (Stevenage, England)-тың клиенттермен жұмыс істейтін директоры Yann Amouroux-тың, Thomson Reuters-дің клиенттермен жұмыс істейтін маман  Сергей Парамоновтың (Мәскеу, Ресей) қатысуымен «Thomson Reuters және  IET Қазақстан Республикасындағы ғылыми баспалардың жариялау белсенділігінің стратегиясы туралы» редакторларға арналған Халықаралық семинарға қатысты.
    • 2013 жылғы 12–16 маусым аралығында – флотореагенттер және байыту зертханасының меңгерушісі, т.ғ.д., доцент Түсіпбаев Н.Қ. және зертхана қызметкерлері – жетекші ғылыми қызметкер, т.ғ.к. Әбдікирова Г.Ж., аға ғылыми қызметкер, т.ғ.к. Семушкина Л.В., бас ғылыми хатшы, х.ғ.к. Темірова С.С. Созополь қ-да (Болгария) өткен минералдық шикізаттарды өңдеу бойынша XV Балкан конгресінің және «XV Balkan Mineral Processing Congress & Exhibition» көрмесінің жұмысына қатысты. Стендтік баяндамалар ұсынылды.
    • 2013 жылғы 15-17 мамырда АО «МжКБО» АҚ Президенті, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, т.ғ.д., профессор Әбішева З.С. және сирек шашыраған элементтер зертханасының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор Загородняя А.Н. “By-Product Metals in Non-Ferrous Metals Industry” Халықаралық конференцияда баяндамалар жасады. Вроцлав қ-сы, Польша.
    • 2013 жылғы 1-3 мамырда зияткерлік меншік және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Даришева А.М. Аккра қ-да, Гана Республикасы, өткізілген 16 – Үйлестіруші Кеңестің және КОМСАТС-COMSATS (Оңтүстікте тұрақты даму үшін ғылым мен технология бойынша комиссия) Халықаралық ғылыми ұйымы Консультациялық Комитетінің 2-кездесуінің жұмысына қатысты. «МжКБО» АҚ-ң құрылымдық құрамы, ғылыми қызметінің бағыттары, Орталықтың және кейбір зертханалардың жетістіктері бойынша жалпы алғашқы таныстыру ұсынылды.
    • 2013 жылы 1 сәуірде Орталық қызметкерлері Thomson Reuters Scientific & Scholarly Research ресурстары бойынша Халықаралық семинарға қатысты. Баяндамашы Thomson Reuters-тің клиенттермен жұмыс істейтін маманы Сергей Парамонов (Мәскеу қ-сы, Ресей). Сертификаттар алынды.
    • 1-5 қазан 2012 ж. Украина, Одесса қ-сы, «Қазіргі заманғы қор үнемдейтін технологиялар. Проблемалар мен келешегі» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда – т.ғ.к. Абдулвалиев Р.А., т.ғ.к. Ковзаленко В.А., т.ғ.д. Тастанов Е.А., т.ғ.к. Садықанова С.Е., т.ғ.к. Қилыбаева С.К., т.ғ.к. Семушкина Л.В., б.ғ.к. Осиповская Л.Л., т.ғ.к. Абдыкирова А.Ж., кіші ғылыми қызметкер Юлусов С.Б. және инженер Бабажанов Д.Р. ауызша баяндамалар жасады, инженерлер Магомедов Д., Абубакриев А. және Бейсахметов Д. стендтік баяндамаларды ұсынды.
    • 24-28 қыркүйек 2012 ж. Пайдалы қазбаларды байыту бойынша XXVI Халықаралық конгресте (XXVI International Mineral Processing Congress, New Delhi, India) т.ғ.д, профессор профессор Әбішева З.С. ауызша баяндама жасады, т.ғ.д., доцент Түсіпбаев Н.Қ., т.ғ.д, профессор Загородняя А.Н., т.ғ.к. Найманбаев М.Ә., т.ғ.к. Бочевская Е.Г., т.ғ.к. Шәріпова А.С. стендтік баяндамаларды ұсынды.
    • 9-13 қыркүйек 2012 ж. ф/м.ғ.д., профессор Яр-Мұхамедова Г.Ш. коррозия бойынша Европалық конгресте (European Corrosion Congress EUROCORR-2012, Istanbul, Turkey) баяндама жасады.
    • 23 шілде – 02 тамыз 2012 ж. т.ғ.д., профессор Әбішева З.С., т.ғ.к. Найманбаев М.Ә. Баотоу қ-сы, Гуанчжоу қ-сы, Шанхай қ-сы, Қытай Халық Республикасы, іскерлік сапарға барды, «Baotou Research Institute of Rare Earths», «Guang Zhou Research Institute for Nonferrous Metals» институтарының басшыларымен ынтымақтастық жөнінде Шарт жасасу мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізді.
    • 23-25 шілде «МжКБО» АҚ-ң 10 қызметкері АҚШ, Ұлыбритания, Голландия, Ресей және Түркиядан лекторлардың қатысуымен өткен ғылыми зерттеулердің гранттық қаржыландыруына өтінім дайындау бойынша Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама Ұлттық Орталығы ұйымдастырған семинарға қатысты. Сертификаттар алынды.
    • 29 маусым және 29 тамыз 2012 ж. «МжКБО» АҚ-ң 12 қызметкері Elsevier компаниясының аймақтық менеджерлері Айхан Аканай Сарачоглу және Гамзе Кескин (Түркия) ұйымдастырған «Elsevier компаниясының таңдаулы әлемдік қорларын практикалық қолдану» семинар-тренингіне қатысты.
    • 18-20 маусым 2012 ж. т.ғ.к. Семенченко Г.В., Лондон қ-сы, Falmouth, Ұлыбритания «Biohydrometallurgy ’12» Халықаралық конференциясында баяндама жасады.
    • 15-19 маусым 2012 ж. т.ғ.д., профессор Әбішева З.С., т.ғ.д., доцент Түсіпбаев Н.Қ. Харбин қ-сы, Қытай 23 Харбин Халықаралық сауда-экономикалық ярмарка шеңберіндегі конференцияда баяндама жасады.
    • 17-23 маусым 2012 ж. т.ғ.к. Суркова Т.Ю., т.ғ.к. Қойжанова А.Қ. Albena қ-сы, Болгария SGEM-2012 12–ші мультидисциплинарлық ғылыми геоконференцияда баяндама жасады.
    • 13-15 маусым 2012 ж. академик Қожахметов С.М., т.ғ.д. Квятковский С.А., т.ғ.д. Бобров В.М. Екатеринбург қ-сы, Ресей «Техногенді қалдықтарды қайта өңдеу және пайдаға жарату технологияларының іргелі негіздері» Техноген-2012 Халықаралық Конгресте баяндама жасады.
    • 4-6 маусым 2012 ж. ф/м.ғ.д., профессор Яр-Мұхамедова Г.Ш. «Коррозия мәселелері және конструкциялық материалдарды коррозиядан қорғау» Corrosion-2012 XI Халықаралық конференцияда баяндама жасады. Львов қ-сы, Украина.
    • 24 мамыр 2012 ж. академик Қожахметов С.М., ф/м.ғ.д., профессор Яр-Мұхамедова Г.Ш., т.ғ.к. Паничкин А.В. Киев қ-сы, Украина «Қазіргі заман материалтану мәселелері» бойынша ғылым академияларының Халықаралық ассоциациясы Ғылыми кеңесінің 17 сессия жұмысына қатысты.
    • 16 сәуір 2012 ж. т.ғ.к. Найманбаев М.Ә. «Инновациялық ынтымақтастық: жаңа нарыққа шығу жолдары» Халықаралық конференцияда баяндама жасады. Мәскеу, Ресей.
    • 23 ақпан 2012 ж. х.ғ.к. Даришева А.М. – Ислам ынтымақтастығы Ұйымының «Қазақстанның инновация атласы» атты конференция-сұхбатына қатысты
    • 8 ақпан 2012 ж. х.ғ.к. Даришева А.М. WikiBilim қоғамдық қоры ұйымдастырған Creative Commons лицензиясымен танысу кездесуіне қатысты.
    • 31 қазан – 1 қараша 2011 ж. ф/м.ғ.д., профессор Яр-Мұхамедова Г.Ш. және х.ғ.к. Даришева А.М. CRDF (АҚШ) қолдауымен ұйымдастырылған технологияларды коммерцияландыру және зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша семинар-тренингке қатысты. Сертификаттар алынды.
    • 21 қазан 2011 ж. х.ғ.к. Даришева А.М. “CASIP-SME – IP Services to Enterprises to Support Innovation and Market” Европалық жобасының зияткерлік меншікті қорғау бойынша семинар-тұсаукесерге қатысты.
    • 17-25 қыркүйек 2011 ж. т.ғ.к., доцент Мұқышева А.С. және т.ғ.к. Қойжанова А.Қ. Чанша қ-да, Қытай IBS-2011 19-Халықаралық биогидрометаллургиялық симпозиумда стендтік және ауызша баяндамаларды жасады.
    • 19-24 қыркүйек 2011 ж. т.ғ.д. Түсіпбаев Н.Қ., т.ғ.к. Найманбаев М.Ә., аға ғылыми қызметкер Лохова Н.Г. «Қиын байытылатын табиғи және техногенді шикізаттарды байыту және кешенді өңдеудің жаңа технологиялары» Халықаралық ғылыми кеңеске қатысты. («Плаксинск оқулары-2011»), Верхняя Пышма қ-сы, Ресей.
    • 4-8 шілде 2011 «МжКБО» АҚ президенті т.ғ.д., профессор З.С. Әбішева және т.ғ.д. Агапова Л.Я. технеций мен рений бойынша 7-Халықаралық симпозиумда баяндама жасады. Мәскеу, Ресей.
    • 22-24 маусым 2011ж. ф/м.ғ.д., профессор Яр-Мұхамедова Г.Ш. және т.ғ.к. Найманбаев М.Ә. «Қазіргі заман металдық материалдар және технологиялар (СММТ’11),» 9-Халықаралық ғылыми-техникалық конференцияға қатысты. Санкт-Петербург, Ресей.
    • 19-25 маусым 2011 т.ғ.к. Найманбаев М.Ә. және т.ғ.к. Семенченко Г. В. Albena қ-сы, Болгария SGEM-2012 12–ші мультидисциплинарлық ғылыми геоконференцияға қатысты.
    • 30 мамыр -1 маусым 2011 ж. «МжКБО» АҚ вице-президенті т.ғ.к. А.В. Паничкин «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат Орталығы» АҚ ЮНЕСКО-мен бірлесіп өткізген «Елді экономикалық дамыту мақсатында ғылыми зерттеулерді және инновацияларды алға жылжыту» атты семинар-тренингке қатысты. Сертификат алынды. Семинар Ресейден, Ираннан, Малайзиядан және Франциядан келген тренерлер қатысуымен өтті.
    • 18-19 сәуір 2011 ж. х.ғ.к. Даришева А.М. АҚШ (CRDF) азаматтық ғылыми зерттеулер Қорының қолдауымен АҚШ патенттер және Сауда белгілері Бюросы мен Халықаралық зияткерлік меншік академиясы ұйымдастырған семинарға қатысты, сертификат алынды.
    • 28 ақпан 11 наурыз 2011 ж. т.ғ.к. Қойжанова А.Қ. және ф-м.ғ.к. Мамаева А.Ә. Анкара және Стамбул қ-да, Түркия Халықаралық TIKA агенттігі ұйымдастырған «Энергетикалық тиімділік және басқару» оқу бағдарламасы бойынша оқуға қатысты. (Түркия халықаралық даму корпорациясы және Жапония энергия үнемдеу саласындағы халықаралық агенттік қол қойған сертификат алынды).
4. «МжКБО» АҚ қызметкерлерінің Халықаралық ғылыми ұйымдардағы және шетелдік журналдардың редакция алқаларындағы мүшелігі және МжКБО» АҚ-да шығарылатын «Минералдық шикізатты кешенді пайдалану» журналының редакциялық алқасында шетелдік ғалымдардың мүшелігі
    • ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор С.М. Қожахметов 2000 жылдан осы кезге дейін Киев қ-сындағы (Украина) Ғылым академиялары Халықаралық қауымдастығының «Мыс және ауыр түсті металдардың негізіндегі жаңа материалдар» секциясының төрағасы.
      «МжКБО» АҚ президенті, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы З.С.Әбішева беделді ғылыми журналдар редакция алқаларының мүшесі:

      • “Hydrometallurgy”, “Elsevier” баспасы, Амстердам қ-сы, Нидерланды 2002 жылдан
      • “Түсті металдар”, “Руда және Металдар” баспасы, Мәскеу қ-сы 2004 жылдан
    • Металтану зертханасы коррозионистер ассоциациясының (Львов қ-сы, Украина) ұжымдық мүшесі.
      «Минералдық шикізатты кешенді пайдалану» журналы редакциялық алқасының мүшелері –  Ресейдің белгілі ғалымдары:

      • РҒА академигі Н.А. ВАТОЛИН
      • РҒА академигі В.Т. КАЛИННИКОВ
      • РҒА корреспондент-мүшесі С.С. НАБОЙЧЕНКО
      • РҒА академигі Ю.В. ЦВЕТКОВ
      • РҒА академигі В.А.ЧАНТУРИЯ

      және алыс шетелдердің:

      • доктор, профессор АТА АКЧИЛ (ATA AKÇİL, Түркия)
      • доктор, профессор БРАЖЕНДРА МИШРА (BRAJENDRA MISHRA, АҚШ)
      • доктор, профессор Э. ЛУНАРСКАЯ (ELLINA LUNARSKA, Польша)
    • 2014 жылы «Минералдық шикізатты кешенді пайдалану» журналы редакциялық алқасына жаңа мүшелер болып төменде аталған Ресей ғалымдары енді:
      • РҒА корреспондент-мүшесі  А.И. НИКОЛАЕВ
      • экономика ғылымдарының докторы, профессор А.Г. ВОРОБЬЕВ
      • техника ғылымдарының докторы, профессор А.Н. ДЬЯЧЕНКО
      • химия ғылымдарының докторы Л.А. ЗЕМСКОВА
      • экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Д.В. ТИМОХИН