Қызметтер
- Минералды, техногенді, қайталама шикізаттың металлургиялық қайта өңдеудің, байыту технологияларындың жасалуы мен сынамалары, материалтану бойынша зерттемелер.
- Өндірістің технологиялық реттемесін жасау.
- Бизнес – жоспарларды жасау.
- Техникалық – экономикалық негіздемелерді әзірлеу.
- Аккредиттелген ұжымдық пайдаланудың ұлттық ғылыми зертханасында әртүрлі материалдардың үлгілерін зерттеу бойынша жұмыстарды орындау: химиялық және фазалық құрамдарын, механикалық қасиеттерін анықтау (беріктік, икемділік, қаттылық); металлографиялық, минералогиялық, термиялық және микрозондты талдаулар жүргізу.
Әртүрлі талдау мен сынаудың түрлеріне үлгілерді дайындау: әр түрлі өлшемдерге ұнтақтау; еруі; шайырлармен толтырылған үлгілеріне жұқа бөліктерді дайындау; механикалық сынақтарға арналған, металдардан және қорытпалардан жасалынған үлгілерді егеу; ұнтақтардан таблеткаларды басу; әртүрлі металдар мен қорытпалардан жұқа қабыршақтар шашырату; металдарды және қорытпаларды балқыту және құю; вакуумда және әртүрлі орталарда термиялық өңдеу; құмдышашыратумен өңдеу; аргон-доғалы және нүктелі дәнекерлеу; Фотополимерлі шайырлармен 3D басып шығару. Стандартты емес зертханалық жабдықтарды әзірлеу және өндіріп жасау..(Ұлттық ғылыми зертхана)