Инновация және ғылыми зерттемелерді коммерцияландыру бөлімі
Инновация және ғылыми зерттемелерді коммерцияландыру бөлімінің қызмет аясы:
- Орталықтың ғылыми зерттемелерді коммерцияландыру жоспарын орындау үшін АҚ-ң маркетинг, инновация және ғылыми зерттемелерді коммерцияландыру саласында біріңғай саясатын дайындап, оны іске асыру төменде аталған жолдармен жүзеге асырылады:
- коммерцияландыруға мүмкіндігі бар, АҚ-ң ғылыми ұйымдары дайындаған ғылыми зерттеулерді, инновациялық жобаларды, технологиялар мен зерттемелерді жүйеге келтіру және талдау арқылы;
- АҚ-ң ғылыми зерттемелеріне, өнімдері мен қызметіне сұранымға маркетингілік зерттеулер жүргізу арқылы;
- инновациялық жобаларды орындау және өндіріске енгізу үшін серіктестер мен инвесторларды іздеу арқылы;
- АҚ қызметінің бағдары бойынша конференцияларды, семинарларды, кеңестерді және көрмелерді ұйымдастыру және өткізуге қатысу арқылы;
- Интернетте жарнамалық-ақпараттық жұмыстарды орындау және ҚР Ғылыми-техникалық порталын толтыру және сақтап отыру;
- Тәжірибелік сынақтарға, Орталықта жасалып дайындалған бұрынғы технологияларды жетілдіруге, жаңа технологияларды, технологиялық процестерді және техникаларды жасауға қатысу;
- АҚ бөлімшелеріне жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету және бизнес-жоспарларды, ТЭН-ді дайындау бойынша техникалық көмек көрсету;
- Ғылыми және қолданбалы зерттеулердің сапасын басқару жүйесін жасау және енгізу, сонымен бірге метрологиялық қолдауды қамтамасыз ету;
- Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге кезең-кезеңімен өту бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
- Тәжірибе жүзінде өткізуге келешегі бар ғылыми-техникалық өнімнің мәліметтер банкін көкейкесті ету;
- Жергілікті желі және Интернетпен қамтамасыз ету, компьютерлерге бағдарламалық қызмет жасау.
Байланыстар:
- Телефон: 8 (727) 298-45-17
- Телефон : 8 (727) 298-45-18
- E-mail: imio@imio.kz