Зияткерлік меншік және халықаралық ынтымақтастық бөлімі
Негізгі қызмет бағыттары:
- «МжКБИ» АҚ патенттік-лицензиялық саясатын әзірлеу және іске асыру;
- Зияткерлік меншік объектілерін анықтау және олардың Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, олар бойынша есеп жүргізу;
- Шетелдік патенттеуді жүргізудің орындылығы мәселелерін шешуге және лицензиялық келісімдерді жасау бойынша келіссөздерге қатысу;
- Қызметкерлерді қажетті ғылыми-техникалық, патенттік ақпаратпен және әдебиеттермен қамтамасыз ету;
- Институт қызметкерлерінің ғаламдық ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- «Минералды шикізаттарды кешенді пайдалану» ғылыми журналын шығару бойынша редакциялық және баспа қызметі;
- Шетелдік мамандандырылған ұйымдармен және халықаралық қорлармен қарым-қатынасты дамыту, олар өткізетін іс-шараларға қатысу, кездесулер ұйымдастыру, делегацияларды, жекелеген өкілдерді қабылдау және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қоюға қатысу;
- «Ғылымның өзекті мәселелері» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференция өткізу;
- Шет мемлекеттердің ғылыми ұйымдарымен ғылыми-техникалық салада келісімдер мен шарттарды дайындауға және жасасуға қатысу;
- «МжКБИ» АҚ сайтын ақпаратпен толтыру және қадағалау бойынша жұмыстарды жүргізу;
- ISO 9001 халықаралық стандартының сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізу;;
- «МжКБИ» АҚ сапа менеджменті жүйесінің ҚР СТ ИСО 9001-2016 талаптарына сәйкестігін тексеру және бағалау, ішкі аудит жүргізу.
Байланыстар:
- Телефон: 8 (727) 298-45-19
- Телефон : 8 (727) 298-45-20
- E-mail: product-service@kims-imio.kz