Бюджеттік жоспарлау бөлімі
Бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызмет аясы:
- Материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын неғұрлым орынды пайдалану, ғылыми-зерттеу, жобалық және тәжірибелік жұмыстардың орындалу мерзімдері мен құнын қысқарту, олардың нәтижелерін іс жүзінде қолдануды жылдамдату мақсатында «МжКБИ» АҚ-ң ғылыми-технологиялық және өндірістік жұмысын жоспарлау және үйлестіру;
- Ғылым мен техника дамуының басты бағыттарының және өндіріс қажеттілігінің негізінде «МжКБИ» АҚ-ң және оның құрамына кіретін кәсіпорындардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің келешекті және жылдық жоспарларының жобаларын дайындауға қатысу;
- Жоспарланған жұмыстарды орындауға қажетті шығындар сметаларын жасау және бекітілген жоспарлар мен техника-экономикалық көрсеткіштерді бөлімшелер мен тәуелді кәсіпорындарға уақытында жеткізіп отыру;
- Сәйкес бөлімше басшыларымен бірге шарттарды дайындап, оларды тапсырыс берушілермен, қосалқы мердігерлік ұйымдармен жасасу;
- Шарттық міндеттемелер, табыс және шығыс сметалары бойынша қаржылардың түсімін қадағалау;
- Бөлімшелер мен кәсіпорындар жұмысының негізгі қаржылық көрсеткіштерін жүйеге келтіру және олардың қызметінің нәтижелерін талдау;
- Қызметкерлердің нормативтік-құқықтық құжаттарға байланысты еңбекақысының дұрыс төленуін бақылау;
- АҚ-ң жоспарланған жұмыстарының орындалуы, ғылыми зерттеулер мен зерттемелердің тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды дайындау және жүзеге асыру жөніндегі негізгі мәселелерді талқылауға қатысу;
- Құрылымдық бөлімшелер мен кәсіпорындардың жұмыстарын жоспарлау және талдау бойынша методикалық басқару, зерттеулер мен зерттемелердің орындалу мерзімі мен құнын азайту бойынша резервтерді анықтау және оларды пайдалану, шаруашылық жүргізудің әртүрлі тәсілдерін, жоспарлы және есеп жүргізу құжаттарының тиімді түрлерін және жоспарлау, есеп жүргізу және экономикалық талдау салаларына техникалық құралдарды енгізу бойынша методикалық басшылық жасау;
- Сала дамуының күйін және беталысын талдау негізінде АҚ-ң біріңғай экономикалық саясатын қалыптастыру;
- АҚ ресурстарының барлық түрлерін тиімді пайдалануға бағытталған Департаменттің экономикалық жоспарын жасау;
- АҚ-ң техникалық жабдықтауы мен мемлекеттік сатып алуы бойынша талдау жүргізу;
- АҚ келешекті және қысқа мерзімді даму болжамдарын, бағдарламаларды жасауды ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
- АҚ-ң жұмысын іске асырудың тұжырымдамасын жоспарлау және шығындарын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
АҚ бөлімшелерінің материалдық-техникалық жабдықтау және сатып алу саласындағы заңдылықтарды орындауын қадағалау.