Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
Бухгалтерия келесі міндеттерді іске асырады:
- Бастапқы құжаттардың және бухгалтерлік жазбалардың негізінде анық бухгалтерлік есеп дайындайды, оларды белгіленген мерзімдерде қаржылық, статистикалық және салықтық есеп беретін органдарға өткізеді.
- Жалпы мемлекеттік салықтардың, алымдардың және Жинақтаушы зейнеткерлік қорға жарналардың төлемдерін дұрыс есептеп, есептіліктерді дайындап уақытында өткізеді, қорлар мен резервтерге қаржыларды аударады.
- Тауарлы-материалдық құндылықтарды белгіленген рәсімдеу Ережелеріне сәйкес қабылдайды және босатады.
- Еңбекақының барлық түрлерін белгіленген тәртіп бойынша есептейді.
- Еңбекақы қорының дұрыс жұмсалуын, қаржылық және кассалық тәртіптің, кәсіпорын кірісінің есебінен төленетін төлемдердің заңды және мақсатқа сай орындалуын қадағалайды.
- Түскен тауарлы-материалдық құндылықтардың толық есебін жүргізеді, олардың қозғалысына байланысты жүргізілетін операцияларды бухгалтерлік есепте уақытында көрсетеді.
- Кәсіпорынның барлық құндылықтарына, оның балансының барлық баптарына белгіленген тәртіптерге сәйкес түгендеу жүргізеді және түгендеу нәтижелерін уақытында есепте көрсетеді.
- Белгіленген уақытта дебиторлық берешектерді өндіріп алуды, кредиторлық берешектерді өтеуді іске асырады.
- Басқа жақ, еншілес және тәуелді ұйымдармен қызмет жасасқан өзара есеп айырысу және шығындар бойынша есептерде мәліметтерді көрсете отырып салыстырып көрсетулерді және бухгалтерлік құжаттарды істеп шығады.
- Банк бойынша бастапқы құжаттарды жасап шығады және ақшалай қаржылардың қозғалысы бойынша есептерді дайындап өткізеді.
- Ақшалай қаражаттың, тауарлы-материалдық құндылықтардың кем шығуын, қаржылық және шаруашылық заңдылықтардың бұзылуын болдырмайтын іс-шараларды іске асырады.
- Тауарлы-материалдардық құндылықтарды алу, беру және жұмыстар мен қызметтерді орындау туралы Орталық жасаған шарттармен, келісімдермен келіседі.
- Ұйымда, Орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде алғашқы құжаттарды жүргізу бойынша тексерулерді өткізеді.
- Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және оларды белгіленген тәртіп бойынша дайындап мұрағатқа өткізілуін, мерзімі біткендердің жоюлуын қамтамасыз етеді.