Құқықтық және кадрлық жұмыс болімі
Заңгердің міндеттері:
- АҚ жұмысында заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;
- «МжКБИ» АҚ-ң құқықтық мүдделерін қорғау;
- Құқықтық сипаттағы құжаттарды жасауға қатысу;
- АҚ-ң, оның шарушылық қызмет субъектілерінің құқықтық жұмысына методикалық басшылық жасау;
- Шарт жасасу, еңбек және қаржылық тәртіптерді ңығайтуға, АҚ мүлкін сақтауды қамтамасыз етуге арналған іс-шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;
- АҚ қызметкерлеріне заң мәселелері бойынша кеңес беру, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді рәсімдеуге көмек беру;
- Заңда бекітілген құқықтық тәртіптің орындалуын қадағалау;
- Өз құзыретінің шеңберінде заң қызметін атқару.
Кадр бөлімінің міндеттері:
- еңбек нарығын зерттеу негізінде болжам жасауды жоспарлау, кадрларға ағымдағы және келешектегі қажеттілікті және ол қажеттілікті қанағаттандыру көздерін анықтау;
- оқу орындарымен, жұмыспен қамту қызметімен, ұқсас бағдардағы кәсіпорындармен тікелей байланыстарды орнату;
- кәсіпорын ішіндегі бос орындар туралы қызметкерлерге хабарлау;
- қызметкерлерді (жұмысшыларды) жұмысқа қабылдау туралы хабарламаларды жария етуге ақпарат құралдарын пайдалану.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметінің міндеті:
- «МжКБИ» АҚ-да қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасап, қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттар мен кәсіптік ауруларды болдырмау үшін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитариялық-эпидемиялогиялық, емдеу-профилактикалық кешенді іс-шараларды жасау және іске асыру;
- өндіріс орындарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды орындау жөніндегі нормативті құжаттарды жасауды ұйымдастыру;
- «МжКБИ» АҚ-ң құрылымдық бөлімшелерінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша және қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нормативті құжаттардың талаптарын орындау бойынша ішкі бақылау жүргізу;
- «МжКБИ» АҚ-ң құрылымдық бөлімшелеріне мерзімді медициналық байқаудан өтетін мамандар мен лауазымдардың тізімін жасау және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша методикалық көмек беру;
- басқа қызметтермен бірігіп еңбек жағдайларына байланысты жұмыс орындарын аттестациядан өткізуді ұйымдастыру.
Байланыстар:
Тел.: +7 (727) 298-45-08, 298-45-19, 298-45-06, 298-45-09