Зияткерлік меншік және халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Зияткерлік меншік және халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Негізгі қызмет бағыттары:

  • «МжКБИ» АҚ патенттік-лицензиялық саясатын әзірлеу және іске асыру;
  • Зияткерлік меншік объектілерін анықтау және олардың Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, олар бойынша есеп жүргізу;
  • Шетелдік патенттеуді жүргізудің орындылығы мәселелерін шешуге және лицензиялық келісімдерді жасау бойынша келіссөздерге қатысу;
  • Қызметкерлерді қажетті ғылыми-техникалық, патенттік ақпаратпен және әдебиеттермен қамтамасыз ету;
  • Институт қызметкерлерінің ғаламдық ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • «Минералды шикізаттарды кешенді пайдалану» ғылыми журналын шығару бойынша редакциялық және баспа қызметі;
  • Шетелдік мамандандырылған ұйымдармен және халықаралық қорлармен қарым-қатынасты дамыту, олар өткізетін іс-шараларға қатысу, кездесулер ұйымдастыру, делегацияларды, жекелеген өкілдерді қабылдау және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қоюға қатысу;
  • «Ғылымның өзекті мәселелері» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференция өткізу;
  • Шет мемлекеттердің ғылыми ұйымдарымен ғылыми-техникалық салада келісімдер мен шарттарды дайындауға және жасасуға қатысу;
  • «МжКБИ» АҚ сайтын ақпаратпен толтыру және қадағалау бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • ISO 9001 халықаралық стандартының сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізу;;
  • «МжКБИ» АҚ сапа менеджменті жүйесінің ҚР СТ ИСО 9001-2016 талаптарына сәйкестігін тексеру және бағалау, ішкі аудит жүргізу.

Байланыстар: