Басшылық

Басшылық


Кенжалиев Бақдәулет Кенжалыұлы

«Металлургия және кен байыту институты» АҚ Бас директоры

Техника ғылымдарының докторы, профессор, 2019 жылғы әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА Құрметті академигі, 1981 жылғы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, КСРО Халық шаруашылығы көрмесінің екі қола медалінің және "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төс белгісінің иегері.

1975 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірді. Мамандығы – Инженер-химик. Химия пәнінің оқытушысы.

500-ден астам ғылыми жарияланымның, соның ішінде шетелдік басылымдар мен 7 монографияның, 88-ден астам Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Алмания мен АҚШ патенттерінің және авторлық куәліктерінің авторы.



ТРЕБУХОВ СЕРГЕЙ АНАТОЛИҰЛЫ

Бас директордың орынбасары

Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент)
Еңбек жолын инженерден бастап, зертхана меңгерушісіне дейін көтеріліп, металлургия және кен байыту институтында өткізуде. Д.А. Қонаев атындағы дарынды жас ғалымдарға арналған сыйлықтың лауреаты. 150-ден астам ғылыми мақалалардың және оның ішінде 29 қорғаныс құжатының авторы.




КҮЛДЕЕВ ЕРЖАН ИТТЕМЕНҰЛЫ

«Металлургия және кен байыту институты» АҚ Бас директорының орынбасары

техника ғылымдарының кандидаты, доцент, академик, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент мүшесі
100-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 80 мақала, оның 12 мақаласы Web of Science және Scopus деректер қорлары индекстелген ғылыми журналдарда, Қазақстан Республикасының 3 патенті, 2 монография, 5 оқулық, 20 оқу-әдістемелік және әдістемелік нұсқаулар.
Пайдалы қазбалар кен орындарын геология және барлау, металлургия, бейорганикалық заттардың технологиясы саласында ғылыми тұрғыдан айналысады.
Сәтбаев Университетінде оқытушы, декан орынбасары, зертхана меңгерушісі, доцент, ректордың орынбасары, кафедра меңгерушісі, ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры болды.