Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары

Алюминий тотығы өндірісіне және сапасыз алюминий тотығы құрамды шикізаттармен техногенді шикізаттарды қайта өңдеудің кешенді технологиясын әзірлеуге қатысты  іргелі және қолданбалы ерекшеліктегі физика-химиялық зерттеулер:

  • Алюминий тотығы өндірісінің гидрометаллургиясы және технологиясы;
  • Алюминий, кремний, натрий, калций және темір құрамдарды қамтитын жүйедегі өз-ара байланыстың физика-химиялық зерттеулері;
  • Сапасыз алюминий тотығы құрамды шикізаттарды қайта өңдеудің кешенді технологиясын әзірлеу; ЖЭС күлдері және басқа техногенді қалдықтар;
  • Алюминий тотығы өндірісінің жартылай өнімдері және техногенді қалдықтардан сирек металдар және сирекжерметалдарын алу;
  • Темір құрамды бокситті қалдықсыз қайта өңдеудің Байер-гидрогранатты технологиясын әзірлеу.

 

Ғылыми және өндірістік байланыстар

Қарағанды мемлекеттік университеті, Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институты (Өскемен), Құрыш және қорытпа Мәскеу мемлекеттік университеті, АЛКОРУС алюминий компаниясы (Санкт-Петербург), ТЕХНОПОЛИС (Қазан), Демерел атындағы университет (Испарта, Түркия), «Орал алюминийі» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, НИЦ ERG (Астана),  Алматы ЖЭС-2.

 

 

Өндіріске енгізу

 

ВАМИ және Павлодар алюминий завод (ПАЗ) ғалымдары мен инженерлері бірлесіп зертхана қызметкерлерінің қатысуымен Павлодар алюминий зауытында «төмен сортты боксит өңдеу әдісі» енгізілді.

 

 

Техникалық қамсыздандырылуы

 

Зертхана руда дайындау, шикізатты гидротермиялық өңдеу, 1700 ° С дейін температурада материалдарды термиялық өңдеу, сұйық және қатты фазалардың бөліну,  металдарды электротұнбалау және  электроерітінділеу үрдітстерін жүзеге асыруға, материалдардың беріктігін анықтауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған.

 

 

Негізгі жетістіктері

 

Алюминий өндірісі технологиясында жоғары кремнийлі алюминий шикізаттарын гидросілтілі әдістерін өңдеудің жаңа бағыттары даму үстінде.

 

Алюминат-силикат ерітінділерінің метатұрақты теориясы алға дамытылып, осы негізде жоғары кремний, жоғары темірлі боксит және қызыл шламды қалдықсыз пайдалануға жаңа жолдар ұсынылды, оның дәстүрлі пісіру әдісінен айырмашылығы жоғары шамада алюминий тотығын өндіруде (> 90%), сонымен бірге, темір, сирек кездесетін элемент (иттрий, скандий, т.б.), сондай-ақ әр түрлі кремнийдің силикат өнімдерін (цемент, цеолиттен, кремний диоксиді) кәдеге жаратуда.

 

Қазіргі кезде зертханада кедей алюминий кенін химиялық байыту, ЖЭС күл қалдықтардын кәдеге жарату, сапасыз алюминийқұрамды материалдарды пайдаланудың аралас әдістерін құру қатарды бағыттарды дамыту жөнінде жұмыс атқарылуда.

 

Темір құрамды бокситті қалдықсыз қайта өңдеп, экология және ресурстық-тиімсіз пісіру бөлігін тиімді автоклавты үрдіспен ауыстыруға мүмкіндік беретін Байер-гидрогранатты инновациялық технологиясы пилоттық көлемді әзірленіп және сынақтан өтуде.

 

 

Қызметкерлер жөнінде ақпарат (докторлар, кандидаттар саны)

 

Қызметкерлердің жалпы саны – 13 адам; оның ішіне 1 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаттары, 1 RhD докторант және магистр дәрежесінен 1 адам қамтылады.

 

 

Байланыс  ақпараты

Телефон: +7 (727) 298-45-31, 298-45-32

E-mail:  rin-abd@mail.ru