Вакуумдық үдерістер зертханасымен өңделген сынаппен толтырылған пайдалынылған энергия үнемдейтін жарық көздерін пайдаға асыру үшін арналған экологиялық қауіпсіз технология және үздіксіз жұмыс істейтін құрылғы ONLINE EXPO – 2017  халықаралық конкурсында таныстырылған.  Конкурс соңында жоба ҮЗДІК- 50 қатарына енгізілді және бірқатар іріктеу кезеңінен өткен соң , Астана Expo2017 Халықаралық көрмесінің «Қазақстан» ұлттық павильонында 27 қазақстандық инновациялық ғылыми-техникалық жобалар қатарына кіріп, таныстырылған.