Даму стратегиясы

Даму стратегиясы

«МжКБИ» АҚ «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ көрінісі  – пайдалы қазбаларды байыту, металлургия, химиялық технология және материалтану салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін, тәжірибелік-құрылымдау және технологиялық әзірлемелер жасайтын, ұлт экономикасы үшін ғылыми-техникалық міндеттерді шешуге, өнеркәсіпте құрылған инновациялық технологиялар мен жабдықтарды іске асыруға, ғылым мен технологиялар салаларында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қабілетті әлемдік деңгейдегі ірі  ғылыми-зерттеу институты.

«МжКБИ» АҚ «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ миссиясы – минералдық шикізаттарды байыту, металлургия және материалтану салаларының теориялық негіздерін дамыту, олардың негізінде бәсекеге қабілетті технологиялар жасау, республика өнеркәсібінің тау-кен-металлургия саласындағы ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін коммерциаландыру және ендіру.

«МжКБИ» «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ стратегиясы – білім базасы мен ғылыми зерттеулерді әлемдік деңгейде күшейтуге, Қазақстан Республикасының 2015 – 2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын тиісті кадрлар тиімділігін арттыруға және ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуге бағытталған.

Инстиуттың алты стратегиялық даму бағыттары анықталған – зерттеу жұмыстарынан бастап ҒЗЖ нәтижелерін ендіруге дейінгі толық ғылыми-инновациялық циклді іске асыру,  институттың инфрақұрылымын дамыту, институтты және оның активтерін тиімді басқару, халықаралық ынтымақтастық, стратегиялық серіктестік, жас ғалымдар мен қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету.

Стратегияны іске асыру нәтижесінде ары қарай дамыту барысындағы институттың негізгі міндеттері:

–          білім, ғылым және ғылымды қажет ететін өнеркәсіпті барынша біріктіру, институттың дамытудың басым бағыттары бойынша технологияларды жасау және оларды Қазақстан және басқа елдердің экономикасына өткізуге бағдарлану;

–        жаңа білім мен техникалық шешімдерді түрлендіре білетін, Қазақстан Республикасының металлургиялық кәсіпорындарында енгізуге арналған инновациялық әзірлемелер жасай алатын, жоғары құзіретті ғылыми кадрларды нысаналы даярлауды іске асыру.

Стратегияның негізгі мақсаты – институтты пайдалы қазбаларды байыту,металлургия, химиялық технология және материалтану салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін, тәжірибелік–құрылымдау және технологиялық әзірлемелер жасайтын, ұлт экономикасы үшін ғылыми–техникалық міндеттерді шешуге, өнеркәсіпте құрылған инновациялық технологиялар мен жабдықтарды іске асыруға, ғылым мен технологиялар салаларында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қабілетті әлемдік деңгейдегі ірі  ғылыми–зерттеу институтына айналдыру

«МжКБИ» АҚ «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ, рудалық және техногенді шикізатты металлургиялық өңдеу және байыту, металл, ерітінділер және композициялық материалдарды өндіру аясына технологияларды ендіру және жасауда көп жылдық тәжірибесі бар ірі ғылыми институт бола тұра, өндірістің тау-кен металлургия саласын дүниежүзілік металл, шикізатты жоғары технологиялық өніммен алмастыру нарығында еліміздің позициясын арттыру мақсатында ғылыми технологиялық базасын модернизациялау мүмкіндігі бар.

Мақсатқа қол жеткізу және алға қойылған тапсырмаларды орындау даму бағдарламаларын дамыту және «МЖКБИ» АҚ «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ  қызметін өңдеу, коммерциализация және экономиканың наұты секторына технологиялар енгізу бойынша қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.