Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі

Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі

Бухгалтерия келесі міндеттерді іске асырады:

  • Бастапқы құжаттардың және бухгалтерлік жазбалардың  негізінде  анық бухгалтерлік есеп дайындайды, оларды белгіленген мерзімдерде қаржылық, статистикалық және салықтық есеп беретін органдарға өткізеді.
  • Жалпы мемлекеттік салықтардың, алымдардың және Жинақтаушы зейнеткерлік қорға жарналардың төлемдерін дұрыс есептеп, есептіліктерді дайындап уақытында өткізеді, қорлар мен резервтерге қаржыларды аударады.
  • Тауарлы-материалдық құндылықтарды белгіленген рәсімдеу Ережелеріне сәйкес қабылдайды және босатады.
  • Еңбекақының барлық түрлерін белгіленген тәртіп бойынша есептейді.
  • Еңбекақы қорының дұрыс жұмсалуын, қаржылық және кассалық тәртіптің, кәсіпорын кірісінің есебінен төленетін төлемдердің заңды және мақсатқа сай орындалуын қадағалайды.
  • Түскен тауарлы-материалдық құндылықтардың толық есебін жүргізеді, олардың қозғалысына байланысты жүргізілетін операцияларды бухгалтерлік есепте уақытында көрсетеді.
  • Кәсіпорынның барлық құндылықтарына, оның балансының барлық баптарына  белгіленген тәртіптерге сәйкес түгендеу жүргізеді және түгендеу нәтижелерін уақытында есепте көрсетеді.
  • Белгіленген уақытта дебиторлық берешектерді өндіріп алуды, кредиторлық берешектерді өтеуді іске асырады.
  • Басқа жақ, еншілес және тәуелді ұйымдармен қызмет жасасқан өзара есеп айырысу және шығындар бойынша есептерде мәліметтерді көрсете отырып салыстырып көрсетулерді және бухгалтерлік құжаттарды істеп шығады.
  • Банк бойынша бастапқы құжаттарды жасап шығады және ақшалай қаржылардың қозғалысы бойынша есептерді дайындап өткізеді.
  • Ақшалай қаражаттың, тауарлы-материалдық құндылықтардың кем шығуын, қаржылық және шаруашылық заңдылықтардың бұзылуын  болдырмайтын іс-шараларды іске асырады.
  • Тауарлы-материалдардық құндылықтарды алу, беру және жұмыстар мен қызметтерді орындау туралы Орталық жасаған шарттармен, келісімдермен келіседі.
  • Ұйымда, Орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде алғашқы құжаттарды жүргізу бойынша тексерулерді өткізеді.
  • Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және оларды белгіленген тәртіп бойынша дайындап мұрағатқа өткізілуін, мерзімі біткендердің жоюлуын қамтамасыз етеді.