2017 жылдың 20 сәуірінде «Ғылым қоры» АҚ-ның президенті Ануарбек Жалелович Султангазин және ҚР БҒМ вице-Министрі Асланбек Кеменгерович Амрин және «Металлургия және кен байыту институты» акционерлік қоғамының басшылығы мен ғылымдарының арасында кездесу өтті.

«МжКБИ» АҚ-ның бас директоры Бадаулет Кежалиевич Кенжалиев жаңа технологиялардың апробциясына және олардың өнеркәсіптік енгізуге арналған тәжірибе-эксперименталдық жерлерді дайындау үшін арналған жерді көрсетті. «МжКБИ» АҚ-ның тәжірибе – эксперименталдық металлургиялық өндірісінің (ТЭМӨ) аумағы 7,2 га және жалпы алаңы             12 000 м2  болып табылады (мекен-жайы: Спасская көшесі, 64-а).

2015 – 2017 жж. бағдарламалық – мақсатты қаржыландыру аясындағы ғылыми – техникалық бағдарламаның нәтижесінде жасалған темірлі бокситтерді қайта өңдеудің Байер-гидрогранатты технологиясының сынақтарына арналған Тәжірибелік жабдық іс түрінде көрсетілді.

«МжКБИ» АҚ-ның коммерцияландыруға дайын ғылыми – техникалық жобалары көрсетілді:

  • «Николаев кен орнының мыс полиметалдық кендерінен мыс алу технологиясын енгізу және сынақтарын өткізу», бизнес – серіктес: «Байтерек Даму» ЖСШ;

– «Саяқ – 4 кен орнының құрамында алтыны бар кендердің қайта өңдеуіне арналған ТПЖ технологиясын жасау»,  бизнес-серіктестер: «Kazakhmys Development» ЖСШ және  «Саяқ- 4 прожект» ЖШС;

  • «Бұрғылау бұрғабасы мен найза бұрғыбасын дауындау»,
    бизнес-серіктес: «Бурмаш» ЖШС;
  • Азық – түлік қалдықтарынан қазақстандық инновациялық суперпластификатор қолдану арқылы өздігінен тығыздалатын бетонның өндірісі, бизнес-серіктестері: «КазМет Алматы» ЖШС, «СК Гранит» ЖШС, «Urban Group» ЖШС.

Сондай – ақ, Қазақстанның металлургиялық саласындағы кәсіпорындардың өндірістік қажеттіліктеріне бағытталған жаңа ғылыми – техникалық бағдарламалар көрсетілді :

  • «Kazakhmys Smelting» ЖШС – дегі күрделі мәселелерді шешу үшін ғылыми – техникалық жобалар жасау»;
  • «Қазақстан Республикасының металлургиялық саласындағы кәсіпорындардың тиімділігін арттыру үшін  ғылыми – техникалық жобалар».