2017 жылдың 19 мен 20 қазаны аралығында «Металлургия және кен байыту институты» АҚ-ның Ғылыми кеңеснің отырысы өтті. Отырыста бағдарламалық-мақсатты және гранттық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын ғылыми жобаларды/бағдарламаларды іске асырудың үш жылдық кезеңіне арналған ғылыми зерттеулердің нәтижелері қарастырылды.

Отырыс барысында келесі жобаларды/бағдарламаларды іске асырудың үш жылдық кезеңінің қорытындылары қаралды:

  • 2015-2017 жылдарға арналған «Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу және жаңа функционалды материалдарды алу технологиясын жасау арқылы Қазақстан Республикасының металлургиялық саласын инновациялық дамытуды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету» ҒТЖ (13 жоба);
  • 2015-2017 жылдарға «Гидродинамикалық бокситтерді өңдеуге арналған Байер-гидрогранат технологиясы негізінде Қазақстан Республикасының Қостанай облысындағы сазтпырақ зауытының құрылысына ғылыми-технологиялық қолдау»;
  • 2015-2017 жылдарға арналған түсті металдардың күрделі байытылған тотықты рудаларын дамытудың ғылыми-техникалық негіздемесі (3 жоба);
  • Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде – 28 жоба.

Жобалар / бағдарламалар бойынша жүргізілген зерттеулер күнтізбелік жоспарларға сәйкес келеді, зерттеулердің нәтижелері шетелдік рейтинг басылымдарында, сондай-ақ республикалық ғылыми журналдарда жарияланды, бірқатар ғылыми-техникалық әзірлемелері үшін Қазақстан Республикасының патенттері алынып, ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде әзірленген технологиялардың эксперименталды және пилоттық-өнеркәсіптік сынақтары өткізілді.

График защиты