Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары:

  • отандық шикізаттан түсті және бағалы металдардың алынуын арттыратын таңдамалы флотореагенттерді синтездеу технологиясын жасау және флотациялық үрдістердің механизімін зерттеу;
  • мыс-қорғасын және қорғасын-мырыш концентраттарының таңдамалы бөлінуін қамтамасыз ететін наноөлшемді активаторлар, басқыштар және флотация түрленгіштерін дайындау;
  • флотация қалдықтары мен түсті металдар концентраттарының сүзілуі мен қойылуын қамтамасыз ететін жоғарытиімді флокулянттарды синтездеу технологиясын жасау;
  • бағалы, түсті, сирек және қара металдарды байытудың жаңа тиімді технологияларын жасау және қолданыстағы технологияларды жетілдіру;
  • минералдардың беттік қасиеттерін бағытты өзгерте отырып және түрлендіргіш реагенттерді қолданып техногенді және минералды шикізаттарды оңтайлы байыту үрдісін жасау.

Тәжірибелік – зерттеу жұмыстарын орындау қызметі:

  • әртүрлі талдауларға (ұсақтау, елеуіштік талдау, ұнтақтау, пайдалы компоненттердің ірілік класы мен тығыздығына байланысты таралуы) қажетті сынамалар дайындау;
  • кеннің әртүрлі сынамаларын гравитация, флотация, магниттік және гидрометаллургиялық байыту әдістерімен байытылуын зерттеу.

Ендіруге ұсынылған жаңа зерттеулер:

  • Артем кенорны кенінен алынған біріккен мыс-қорғасын концентраттарын темірқұрамды материалдарды қолданып таңдамалы бөлудің технологиясы;
  • Кентау байыту фабрикасының байыту өнімдерін жаңа флокулянттарды қолданып сүзу және қойылту технологиясы;
  • минералдардың беттік қасиеттеріннің бағытты өзгеруі негізінде марганец құрамды техногенді шикізатты өңдеудің технологиясы.

Байланыстар:
Телефон: +7 (727) 298-45-23, 298-45-24, 298-45-25
E-mail: nesipbay@mail.ru