Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары:

  • гидрометаллургия, сирек және түсті металдардың химиялық технологиясы;
  • экстракция, ион алмасу, шаймалау, тұндыру, электродиализ үрдістерін қолдану арқылы металлургия және химия өнеркәсібінің өндірістік өнімдері мен қалдықтарынан сирек элементтерді (Os, Re, Ga, In, Te) алуды зерттеу және олардың технологиялық сұлбаларын жасау;
  • металлургия және химия өнеркәсібінің өндірістік өнімдері мен қалдықтарынан минералдық толтырғыштар мен тұрақтандырғыштарды алу;
  • халькогенқұрамды шикізатты электрохимиялық қайта өңдеу үрдістерін зерттеу және дайындау, мембранды электролиз әдісі арқылы сирек металдар негізінде таза металдарды және наноқұрылысты қорытпаларды алу.

Енгізілуге ұсынылатын жаңа зерттемелер:

  • аммоний перренаты, радиогенді осмий-187, үш негізді қорғасын сульфатының қосылыстары, түсті металдар тұздары және күміс алынатын мыс өндірісіндегі қорғасын шаңдары мен шламдарын кешенді қайта өңдеу технологиясы;
  • мыс өндірісіндегі жуылған күкірт қышқылды ерітінділердің құрамында 2 мас. % осмий және 10 мас. % ренийі  бар дербес өнімге реэкстракциялануы сатысында фаза аралық жүзгіндердердің бөліну технологиясы;
  • Қазақстанның уран кендерін жер асты шаймалау ерітінділерінен ренийді бөліп алу технологиясы;
  • минералдық толтырғыштар мен минералдық тыңайтқыштар алынатын фосфор өндірісінің қождарын кешенді қайта өңдеу технологиясы;
  • галлий, рубидий және минералдық тыңайтқыштар өндірілетін фосфор, алюминий және энергетика өнеркәсібіндегі ұшқыш шаңдарды кешенді қайта өңдеу технологиясы;
  • жоғарғы таза металдық ренийді алу технологиясы;
  • рений-вольфрам, рений-никель қорытпаларының негізін-де электролиттік қаптамаларды алу технологиясы.

Байланыстар:
Телефон: +7 (727) 298-45-26, 298-45-27
E-mail: abisheva_z@mail.ru, rm303.imo@mail.ru