Металлургия ғылымымен практикасының дамуы саласындағы жетістіктерге шетелдердегі өткізілген симпозиумдар мен конференцияларда жоғары баға беріліп танымал болды (США, Канада, Швейцария, Германия, Англия, КҚР, Испания, Корея, Бельгия, Чехословакия, Япония, Венгрия, Югославия, Турция, Ресей.)

Металлургия және кен байыту институтының ғалымдары vеталлургиялық ғылым мен өнеркәсіптің дамуына қосқан үлесі жоғары бағаланып, ең беделді Мемлекеттік марапатымен – ғылым мен техника саласындағы КСРО Мемлекеттік марапатына ие болды. Сыйлыққа ие болғандар:

1947 ж. – т.ғ.к. О.А. Суворова төмен сұрыпты мыс-молибденді концентраттарды күйдіргендегі шаңдардан ренийді алу әдісін жасағаны және енгізгені үшін;

 

1971 ж. – к.ғ.қ. В.П. Овчаренко қорғасын өнеркәсібіне электртермияны қолдану арқылы асыл металдарды алудың түбегейлі жаңа технологиясын жасағаны және енгізгені үшін;

 

1978 ж. – т.ғ.д. А.М. Қонаев, т.ғ.д. С.М. Қожахметов, т.ғ.к. С.И.Омаров мысты, қорғасынды және мырышты өндірудің біртума КИВЦЕТті технологиясын жасағаны және игергені үшін;

 

1978 ж. – т.ғ.д. А.И. Зазубин және т.ғ.к. Е.Л. Шалавина металдық галлийді алудың галламдық тәсілін жасағаны және енгізгені үшін;

 

1980 ж. – Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі  Л.П. Ни төмен сапалы бокситтерді қайта өңдеудің жаңа әдісін тапқаны және игергені үшін;

 

1984 ж. – КСРО ҒА академигі А.М. Қонаев фосфорлы темір кен шикізаттарын қайта өңдеу технологиясын жасағаны және металлургия өнеркәсібіне енгізгені үшін;

 

1985 ж. – т.ғ.к. В.С. Есютин құрамында қалайы бар шикізаттарды кешенді қайта өңдеу технологиясы мен жабдықтарды жасағаны және енгізгені үшін;

1988 ж. – т.ғ.д. Н.А. Байтенев және  т.ғ.д.   В.А.Козлов титан өндірісіндегі ресурстарды сақтайтын технологиялық үрдістерді жасағаны және енгізгені үшін.

 

Ғылым мен техника саласындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болғандар:

 

1972 ж. – Қазақ КСР ҒА академигі А.М. Қонаев, т.ғ.к. И.Р. Полывянный, т.ғ.к. Р.С. Демченко металлургия өнеркәсібінің өнімдерін қайта өңдеудің принципті жаңа тәсілдерін жасағаны және енгізгені үшін;

 

1982 ж. – Қазақ КСР ҒА академигі А.М. Қонаев, т.ғ.к. Б.Б. Бейсембаев, т.ғ.к. Б.Л. Левинтов, т.ғ.к. Ю.И. Сухарников Қазақстанның сирек металды фосфат кремнийлі шикізатын кешенді қайта өңдеудегі жетістіктері үшін;

 

2001 ж. – т.ғ.д., профессор В.А. Козлов титанның қазақстандық шикізат қорын игергені және Өскемен ТМК АҚ-да титан мен ванадий өндірудің ғылымды көп қажет ететін технологиялық процестерін жасағаны және өндіріске енгізгені үшін