2017 жылдың 7 маусымында құрамында Валерий Константинович Ларин – Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Мурат Мужалиевич Коспанов – стратегиялық және инвестициялық даму департаментінің директоры, Агибай Рахимжанович Сабитов – “НИИЦ ERG” ЖШС Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Антон Рощин – “НИИЦ ERG” ЖШС департаментінің директоры бар Еуразиялық Тобының ( Eurasian Resources Group) делегациясы мен «Металлургия және кен байыту институты» АҚ-ның басшылығы мен ғылымдарының арасында кездесу өтті.

«Металлургия және кен байыту институты» АҚ-ның бас директоры Багдаулет Кенжалиевич Кенжалиев институттың негізгі қызметімен, жаңа жобалармен және даму перпективасымен таныстырды.

Делегация «Металлургия және кен байыту институты» АҚ-ның аналитикалық және зертханалық құрылғысымен, сондай қатар             Тәжірибе – эксперименталдық металлургиялық өндірістегі Тәжірибелік гидрометаллургиялық құрылғымен танысып өтті.

2015 – 2017 жж. БМҚ аясындағы ғылыми – техникалық бағдарламаларды дайындау нәтижесінде құрылған темірлі бокситтерді өңдеудің Байер-гидрогранаттық технологиясының сынақтарына арналған Тәжірибелік құрылғы қөрсетіп шығылды.

Павлодар Алюминий зауыттың сілтілік ерітіндісінен галлийді өндіру үшін жаңа сорбенттерді ұсынған Purolite компаниясының өкілі Михаил Анатольевич Михайленко де келіссөздерге қатысты.

Кездесу кезеңінде, техногендік қалдықтарды кешенді қайта өңдеу бойынша жаңа технологияларды жасау құрамына кіретін кәсіпорындардың технологияларды дамыту бойынша Eurasian Resources Group бөлімшелері мен “МжКБИ” АҚ-ның бірлесіп қызмет жасау мүмкіндіктері талқыланды.