Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары:

  • ауыр түсті металдар пирометаллургиясы саласындағы жаңа технологияларды және олардың физика-химиялық негіздерін жасау;
  • көп металды сульфидті шикізатты қайта өңдеудің автогенді үрдістері;
  • сұйық металлургиялық қождарды қайта өңдеу үрдістері. Қож жүйелерінің құрылысы мен қасиеттері. Әртүрлі қождамалық материалдарды қолдану арқылы қождардың құрамын оңтайландыру. Қождама ретінде әртүрлі техногенді қалдықтарды қолдану арқылы мыс штейндерін конвертрлеу;
  • мысты отпен және электролиттік тазалау.

Енгізілуге ұсынылатын жаңа зерттемелер:

  • кокс фильтрлі пеште қождық балқымаларды қайта өңдеу технологиясы;
  • автогенді балқытудың жоғары кремнеземді мыс концентраттарын жоғары күкіртті мыс концентраттарымен бірге  қайта өңдеу технологиясы;
  • силикатты кендер мен мыс балқыту өндірісінің қождарының қождамалану қаситтерін  анықтау әдістемесі;
  • қождамалық кендерді декрептациялық талдау әдістемесі;
  • темірсиликатты қождармен мыстың жоғалымдарын олардың қождамалану қабілеттілігіне байланысты болжау;
  • алтынның қиын өңделетін негізгі кендерін байытпай және алтын мен күмісті штейндік балқымаға айналдыра отырып электрбалқыту арқылы пирометаллургиялық селекциялау технологиясын жасау.

Байланыстар:
Телефон: +7 (727) 298-45-33, 298-45-34, 298-45-35
E-mail: kvyatkovskiy55@mail.ru