Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары:

  • гидрометаллургия, асыл және сирек жер металдардың химиялық технологиясы;
  • құрамында асыл және сирек жер металдар бар қиын байытылатын, қиын ажыратылатын  минералдық және техногенді шикізаттарды қайта өңдеудің  жаңа химиялық және биохимиялық технологияларының теориялық негіздерін жасау;
  • Құрамында уран бар шикізатынан уранды және бірге журетин элементтерді алу технологиясы мен физика-химиялық негіздерін жасау.

Енгізілуге ұсынылатын жаңа зерттемелер:

  • өндірілген кен ішіндегі пайдасыз жыныстар мен ағынды сулардың құрамындағы цианидтер мен мышьякты залалсыздандыру арқылы қиын байытылатын жоғары мышьякты кендер мен концентраттардан асыл металдарды бактериалды химиялық бөліп алу технологиясы;
  • алтынды үймелік шаймалаудың өнеркәсіптік жобасына арналған технологиялық регламент;
  • уран өндірісіндегі өндіріс өнімдерінен техникалық цирконий диоксидін алу технологиясы.

Байланыстар:
Телефон: +7 (727) 298-45-28, 298-45-29, 298-45-30
E-mail: tu-surkova@mail.ru, aimsabir@mail.ru